Горьковский орта мектебінде "Республика күні" мерекесі қарсаңында ұлттық ойын түрлерінің мазмұнын түсіндіре отырып, жарыс түрінде ұйымдастырып, оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында "Ұлттық ойындар - рухани байлығымыз" атты ұлттық ойындар сайысы өткізілді. Ұлттық ойындар – ата – бабаларымыздан келе жатқан байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан, үйренудің күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, ұштаса береді. Жалпы, қазақтың ұлттық ойындарының қай-қайсысының да қоғамдық және әлеуметтік мәні зор. Бұған қоса, ұлттық ойындар қазақ халқының о бастан ерекше мәдениеті болғанын айқындайды. Ата-бабаларымыз ұлттық ойындар арқылы ұрпақтың береке-бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған. Шындығына келсек, адамның өмір сүруінде қазақтың ұлттық ойындарының атқаратын маңызы ерекше. Басқаны былай қойғанда, әр ұлттық ойын оған қатысушыны өмір сүруге бейімдеп ғана қоймай, қиындықтан қорықпай, қарсы тұра білуге үйретеді.