Біздің мектеп оқушылары Исин Ринат пен Попов Егор Республикалық «Зерде» ғылыми жобалар мен шығармашылық жұмыстар байқауына қатысты. Олар аудандық, облыстық кезеңдерден сүрінбей өтіп, 1-орынға ие болды. Осыдан кейін олар байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алды. Республикалық деңгейде оқушыларымыз құрметті 3 орынды иеленіп, дипломдармен, мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапатталды.