2022 жылдың 2 қарашасында сегізінші сынып оқушылары Берендаков Ярослав, Сергеева Светлана, Риттер Альбина, Нұрлан Таир, Теміралиева Гүлдана IQanat олимпиадасының 1-турына қатысты. Биыл IQanat олимпиадасы алтыншы рет өткізілуде, 5 жылдан кейін олимпиада форматы өзгерді, оқушыларымыз жақсы нәтиже көрсетеді деп сенеміз. Олимпиадаға қатысушыларға пәндік білімін емес, қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік беріледі. Логика, математикалық және кеңістіктік ойлау, оқу сауаттылығына арналған тесттер құрастырылған.
![](https://gorkyi-om-sko.edu.kz/assets/media/df8e7915-0013-468d-8c6f-a67a8c4f0c71_smallThumb.jpg)